Баланың шимайына ұқсас сурет 75 миллион долларға бағаланды

584

Америкалық Сай Твомбли әлемдегі ең табысты суретшілердің бірі. Оның ерекше туындылары 2 миллион доллардан 75 миллион долларға дейін бағаланады,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Экспресс К сайтына сілтеме жасап.


Баланың шимай-шатпағына ұқсас картиналарды сатып алатындар көп.

Танымал суретші Сай Твомбли 1928 жылы Италияда дүниеге келген. Ерекше тәсілмен сурет салатын оның картиналары 60 жылдардың соңында кеңінен таныла бастады.

Твомблидің салған сызбаларын көп адам түсінбеуі мүмкін. Өйткені суретшінің картиналары кішкентай баланың шимай-шатпағана көбірек ұқсайды. Соған қарамастан әлемдік мәдениеттанушылар оның шығармасына бас иіп, оған ұлы суретші деген атақ берген.

Оның салып кеткен суреттері әлі де сұранысқа ие әрі ондаған миллион долларға дейін бағаланады. Атақты суретші 2011 жылы дүние салды.