Mектеп оқушысы сыныптасынан 350 мың теңге ақша бопсалаған
1 550
Қарағандыда мектеп оқушысы сыныптасынан 350 мың теңге аударуды талап еткен, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Полицияға 39 жастағы тұрғын шағымданды. Ол белгісіз біреу 14 жастағы ұлына 350 мың теңге ақша аударуды талап етіп, хат жолдағанын, ақша бермеген жағдайда ұлының атынан мектепте жарылғыш зат орнатылды деп хабарлама беретінін айтқан.
"Полиция қызметкерлері хатты жазған адамды анықтады. Оның арызданушының ұлының 15 жастағы сыныптасы екені анықталды. Мектеп оқушысы бұл хатты ойнап жазғанын айтты", - делінген хабарламада.
Қазір мектеп оқушысын есепке қою, ал ата-анасын жауапкершілікке тарту мәселесі қаралып жатыр.