Қазақстан «Тәуелсіз интернет» рейтингінде Африка елдерінен де төмен тұр

270
Елде мобильді интернетті 16,5 млн тұрғын пайдаланады. Зерттеу барысында Қазақстандағы "интернет тәуелсіз емес" екені анықталды,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі finprom.kz сайтына сілтеме жасап.  

Әлемдегі баспа, хабар тарату және онлайн-БАҚ еркіндігін бағалайтын Freedom House халықаралық үкіметтік емес ұйымның рейтингісінде Қазақстан 52-орында тұр. Осылайша, еліміз "интернеті тәуелсіз емес" деген мәртебе ие болды. Рейтинг әлемнің әртүрлі елінде интернеттің қаншалықты тәуелсіз (цензурадан) екенін және мемлекет елдегі интернет жұмысына қаншалықты араласатынын көрсетеді.

Тізімде Қазақстанның көрсеткіші ТМД-ның көптеген елінен (бұрынғы қатысушыларды қосқанда) төмен. Мысалы, Грузия "тәуелсіз интернет" мәртебесі бар үздік 10 елдің қатарына енді, Украина 26-орында, Қырғызстан 37-орынды иеленіп, "интернеті жартылай тәуелсіз" деген мәртебе алды. Рейтингте Қазақстан Кения, Гана, Ангола, Эквадор, Замбия, Малави, Ливан, Ливия және басқа да көптеген дамушы елден төмен тұр. Мұндай жағдай Қазақстанның беделіне кері әсерін тигізеді (халықаралық деңгейде және қазақстандықтар арасында).  

Айта кетейік, биыл қаңтардың басында елімізде интернеттің өшуіне байланысты көптеген компания жұмысын тоқтатқан еді. Сондай-ақ тұрғындар қолма-қол ақшасыз төлемдерді жүзеге асыра алмай қиналды. 2021 жылғы желтоқсанның басында Қазақстанда интернетті пайдаланатын 16,5 млн ұялы байланыс абоненті тіркелген. Елде интернетті пайдалану деңгейі өте жоғары.