Павлодарда тұрғын үй мен спорт кешенінің құрылысы барысында шамамен 60 млн теңге қолды болды
282
Облыс орталығындағы "Сарыарқа" шағын ауданындағы көпқабатты үйлерге инженерлік желілерді тарту, аумағын абаттандыру және Павлодар қаласына қарасты Ленин кентіндегі дене шынықтыру – сауықтыру кешенін салу барысында қомақты қаражат қолды болды,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.
Қаржы мониторингі агенттігі Павлодар облысы бойынша департаментінің мәліметінше, А.Ахметов бюджеттік қаржыны жымқыру мақсатында 2016-2017 жылдары "АзияСпецСтрой", "Ман-қожа" және "Репер-СК" компанияларын сатып алып, оларды басқа адамдардың атына тіркеген. Кейін сол азаматтардың атынан мемлекеттік сатып алу конкурстарына қатысқан.
"А.Ахметов алдын ала А.Бекеев, К.Құлтұманов, О.Сағынаев және М.Ғаббасовпен келісіп алып, орындалған жұмыстар туралы актіге қол қойған. Бірақ іс жүзінде бұл жұмыстар атқарылған жоқ. Сөйтіп, мемлекетке 59 млн теңгеден астам сома көлемінде шығын келтірді", - деп хабарлайды департамент өкілдері.
Қылмыстық әрекетке барған А.Ахметов 8 жылға, А.Бекеев 3 жылға бас бостандығынан айырылды. К.Құлтұманов, О.Сағынаев және М.Ғаббасовқа қатысты 2-3 жыл аралығында бас бостандығынан шектеу туралы шешім шығарылды.