Әскери қызметкерлер жантүршігерлік қылмыс жасаған
Маңғыстауда 59 жастағы ер адамды ұрлап, өлтірді деген күдікпен екі әскери қызметкер ұсталды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Еgovpress телеграм арнасы парақшасында жариялаған болатын.
Тергеушілердің мәліметінше, күдіктілер марқұмның басын кесіп, кейін оны жерлеген. Тағы бір күдікті қашып кеткен. Ал қайтыс болған адам бірнеше күннен бері із-түзсіз жоғалғандар тізімінде болған. Полиция департаментінің баспасөз қызметі адамды ұрлап, өлтірген екі күдіктінің ұсталғанын растады.
Қаз
Рус






