Әскери қызметкерлер жантүршігерлік қылмыс жасаған

1 707

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Қорғаныс министрлігіМаңғыстауда 59 жастағы ер адамды ұрлап, өлтірді деген күдікпен екі әскери қызметкер ұсталды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Бұл туралы Еgovpress телеграм арнасы парақшасында жариялаған болатын.


Тергеушілердің мәліметінше, күдіктілер марқұмның басын кесіп, кейін оны жерлеген. Тағы бір күдікті қашып кеткен. Ал қайтыс болған адам бірнеше күннен бері із-түзсіз жоғалғандар тізімінде болған. Полиция департаментінің баспасөз қызметі адамды ұрлап, өлтірген екі күдіктінің ұсталғанын растады.

"Екі күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Үшінші күдіктіні ұстау бойынша жедел іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Қазір тергеу амалдары жүруде. Тергеу мүддесі үшін басқа мәліметтер жарияланбайды", - деп хабарлады Маңғыстау облыстық ІІД баспасөз қызметі.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.