Балабақша тәрбиеленушілері 3 жасар қызды соққыға жықты

1 528

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

bullying.shkolamoskva.ruҰлытау облысында мемлекеттік балабақшалардың бірінде бүлдіршінге жасалған буллингке қатысты шу шықты,-деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Әлеуметтік желіге тараған бейнежазбада балалардың бірі 3 жасар қызды еденге құлатып, кейін өзге тәрбиеленушілердің оны кезек-кезек ұрып, итергені анық көрінеді. Оқиға барысында тәрбиеші араша түсіп, қызды балалардан ажыратып алған.

Зардап шеккен қыздың ата-анасының айтуынша, мұндай қысым жеті ай бойы жалғасқан. Олар балабақша қызметкерлері жағдайдан хабардар бола тұра, тиісті шара қолданбады деп отыр. Ал тәрбиешілер болса, жанжалдың себебін қыздың сабақ үстінде басқаларға жиі кедергі келтіруімен байланыстырады.

Қазір оқиғаға қатысты білім басқармасы мен полиция тексеріс жүргізіп жатыр.

“Аталған факт Сәтпаев қаласының полиция бөліміне тіркелді. Оқиғаға қатысы бар тұлғалардан жауап алынып, балабақша қызметкерлерінен, ата-аналардан және куәлардан ақпарат жинау жүріп жатыр. Бала қауіпсіздігіне қатысты барлық жағдайлар мұқият тексерілуде”, – деді Ұлытау облыстық полиция департаментінің ресми өкілі Аңсаған Тоқбергенов.



OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.