70 жастағы әжей Tik Tok-ты табыс көзіне айналдырған
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
70 жастағы зейнеткер Tik Tok аккаунтын ашып, оны табыс көзіне айналдырған. Оны іздесеңіз, «Batystyn azhesi» деген бүркеншік атпен таба аласыз, деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
AtyrauPress сайтының мәліметінше, қазір оған 13 мыңнан астам адам жазылған және ресми түрде Tik Tok компаниясына жұмысқа тұрған.
Хадиша Аймұхамбетқызы өзінің көңіл-күйін көтеру үшін түрлі видео түсіріп, уақытын өз қалағандай өткізеді. Ол күн сайын тікелей эфирге шығады және өзіне жазылған достарымен әңгіме-дүкен құрады. Ал желі қолданушылары лайк басып, жақсы пікірлер жазады. Осындай белсенділігі үшін зейнеткерге Tik Tok компаниясы ақша төлейді.
Ақ жаулықты әже күніне кем дегенде бір рет тікелей эфирге шығады. Тіпті жұмыс орнын да жабдықтап алған екен. Алғашында оған ұлы смартфонды қалай қолдану керек, эфирге қалай кіру керектігін бүге-шүгесіне дейін түсіндіріп, үйреткен. Бүгінде әлеуметтік желіге өзі видео жүктеп, эфирге кіре алады.
Қаз
Рус






