Қазақстанда енді адам аңдығандар қылмыстық жазаға тартылады

1 417

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: shutterstock.comДепутат адамды аңдитындар қылмыстық жазаға тартылатынын мәлімдеді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Сталкинг бойынша норма Қылмыстық кодексті оңтайландыру туралы заң жобасына енгізіліп, оны жұмыс тобы қабылдады. Депутат Абзал Құспан келесі аптада құжат палатаның қарауына берілетінін айтты.

Депутаттың айтуынша, мұндай құқықбұзушылыққа бұдан ауыр жаза берілмейді.

"Қылмыстық кодекске жаңа нормаларды енгізген кезде оларды өте мұқият енгізу, құқық қолдану тәжірибесін, тергеу тәжірибесін, сот тәжірибесін қарастырып, сот және тергеу тәжірибесін зерделеу мен талдау нәтижелеріне сүйене отырып, санкцияларды қатайтуға болады", – деді Абзал Құспан.




OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.