«Одан да шатырды жөндеңдер!». Қызылордада қызыл кірпіштен соғылған үйлерді ақ түске бояған
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Қызылордалықтар қызыл кірпіштен соғылған үйлердің ақ түске боялуына наразылық білдіріп жатыр, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Instagram желісіндегі kritika.kyzylorda парақшасында оқырман қызыл кірпішті ақтап жатқанын айтып, шағымданған.
Қызылорда әкімдігі қалада ғимараттар мен құрылыстарды сәулеттік-көркемдік безендіру жүйесінде бірегей қалалық келбет пен мәдени бірегейлікті қалыптастыруға бағытталған жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті.
Сонымен қатар, әкімдік былтыр Қызылордада демеушілер есебінен 30-дан астам ескі көпқабатты тұрғын үйлердің қасбеті қайта жаңартылғанын жеткізді.
:
Қаз
Рус






