Студенттерден айына 14 300 теңге алып отырған жатахана коменданты екі жылға сотталды

1 510

Фото: Opennews.kz ЖИАстанада жатахана коменданты студенттерден университет басшылығының тапсырмасы деп ай сайын 14 300 тг ден алып отырған, - деп хабарлайды Opennews.kz  ақпарат агенттігі.

Айыпталушы бес жыл бойы университет басшылығының тапсырмасы деген желеумен студенттер мен қызметкерлерден ай сайын 14 300 теңгеден ақша жинап, 3 млн теңге қаражатты өз қалтасына басқан. Алайда басшылық бұл тапсырманы жоққа шығарды. Сондай-ақ қызметтік компьютері арқылы құжаттарды қолдан жасап, 2024 жылғы 16 қыркүйек пен 2025 жылғы 13 ақпан аралығында жатақханада 57 шетелдікті тіркеп, әрқайсысы үшін 40 000 теңгеден алды.

Сотта азамат өз кінәсін мойындамады. Оған қарамастан, комендант екі жылға бас бостандығынан айырылды.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.