Рудныйда балалар үйінің қызметкері жасөспірім қызды зорлады деген күдікке ілінді
336
Рудныйда балалар үйінің қызметкері сол мекеменің тәрбиеленушісін зорлады деген күдікке ілінді. Бұл туралы "НеМолчиKZ" қоғамдық қорының жетекшісі Дина Смайылова өзінің Facebook парақшасында жазды.
"Бізге балалар үйінің қызметкері жасөспірім қызды екі жыл бойы зорлағаны, жасөспірім оның ДНҚ-сын алып, енді ғана зорлау фактісін дәлелдей алғаны туралы ақпарат келіп түсті", - дейді ол.
Қоғам белсендісі дәл сол қызметкерден зәбір көрген басқа да қыз бар екенін айтты. "Ол қызметкер жазаланбауы мүмкін деп қорқып отыр, сондықтан да жауап алуға барғысы келмейді", - дейді Смайылова. Дина Смайылованың бұл жазбасынан кейін Қостанай облысы полиция департаменті аталмыш факті бойынша қылмыстық кодекстің 120 ("Зорлау") бабы бойынша іс қозғалғанын және күдікті ретінде 1978 жылғы азамат қамауға алынғанын, тиісті тергеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын хабарлаған.
Ведомство Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіне байланысты басқа ақпараттар жария етілмейтінін атап өтті. Оқиғаға қатысты өңірлік білім басқармасы да пікір білдірді. "Жасөпірімге әлеуметтік-психологиялық оңалту орталығында білікті психологтар көмек көрсетіп жатыр. Психологтардың мобильді тобы өткізген іс-шаралар нәтижесінде басқа балаларға қатысты зорлық-зомбылық фактілері анықталған жоқ", - дейді ведомстводан.