Балабақшалардың бірінде бүлдіршін аяусыз соққыға жығылды
Әлеуметтік желілерде балабақшада балалардың топ ішіндегі бір бүлдіршінді жабылып ұрып жатқаны туралы видео тарады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
«Біздің ұлымызды балалар аяусыз соққыға жыққан. Ұрып-соғу шамамен 5 минутқа созылды. Тәрбиеші жоқ, өз шаруасымен шығып кеткен. Баламыздың миы шайқалған, ауруханаға жаттық. Кішкентай балалардың да осындай қатыгез болғаны ма?», - деп жазады зардап шеккен баланың ата-анасы.
Қалалық білім басқармасы жағдай «№51 бөбекжай-бақша» балабақшасында болғанын мәлім етті.
Алынған түсіндірме хатқа сәйкес, тәрбиеші бұл уақытта балаларға түскі ас алып келу үшін шығып кеткен. Сол себепті, балалардың тәртібін қадағалай алмаған.