Қызылордада қылмыскерді ұстауға көмектескен оқушы қыз марапатталды

1 595

Фото: polisia.kzҚызылорда қалалық ПБ бастығы қылмыскерді ұстауға көмектескен оқушы қызды марапаттады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Қызылордалық полицейлерге қылмыскерді құрықтауға көмектескен Т. Рысқұлов атындағы №222 орта мектептің оқушысы Айзере Сағидулланы басқарма бастығы Айдар Қасанов марапаттады.


Оқиға 13 сәуір күні орын алған. Қызылорда қаласының тұрғыны «102» арнасына Volkswagen passat автокөлігі терезесінің ашық қалғанын пайдаланып, көлік ішінен ақша ұрлап кеткендігі жөнінде хабарлама берген. Аталған хабарлама бойынша жедел тергеу тобы құрылып, оларға 10 жастағы Айзере Ермекқызы қылмыскердің қалай автокөлікке кіргенін, оның ішінен ақша ұрлап жатқандығын және қай бағытқа қарай кеткенін айтып, қылмыскерді ұстауға септігін тигізген.


Басқарма бастығы Айзеренің бұл ерлігін бағалап, алғыс хатпен және бағалы сыйлықпен марапаттап, осындай тәрбиелі қызды өсіріп отырған ата-анасына алғыс білдірді.