Жастардың неге әскерден қорқатынын белгілі болды
1 705
Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары Сұлтан Камалетдинов жастарының әскерден неге соншалықты қорқатыны туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Сұлтан Камалетдиновтың айтуынша, жастардың әскерден қорқу мәселесі әлеуметтік және психологиялық сипатқа ие. Мұндай қорқыныштар балалық шақтан басталып, отбасы, балабақша, мектеп сияқты ортада қалыптасады. Сонымен қатар, жастардың тұрақты әрі жайлы өмірге үйреніп қалғаны да бұл жағдайға әсер етеді.
“Көптеген себеп бар. Біріншіден, әр адам өз ортасында, белгілі бір ұжымда тәрбиеленеді. Бұл ретте отбасында, балабақша мен мектепте тәрбие мен тәлім алады. Олардың кейбірінде үрей болады. Себебі өз үйіндегі жайлы өмірге, еркіндікке, өмірінің қалыпты регламентіне үйреніп алған жастар әскердегі жаңа тәртіпке сескене қарайды, яғни мүлдем басқа ортаға түседі. Бұл - қалыпты құбылыс. Келесі маңызды мәселе - осы адамның бұл үрейді қалай жеңуіне қатысты. Бұрын анасы бәрін жасап беретін – бөлмені жинап, тамақ дайындайтын. Ал мұнда – төсегін өзі жинауы тиіс. Атап айтқанда, бұл жағдайды біздің ортақ проблемамыз деп санаймыз және оны бірлесе еңсеретін боламыз”, - дейді Қамалетдинов.







