ҚҰРЫЛЫСШЫЛАР КҮНІНДЕ НЕКЕ САРАЙЫНЫҢ ІРГЕТАСЫ ҚАЛАНДЫ

180

Фото: Қызылорда облыс әкімдігіБүгін құрылысшылар күнінде қызылордалықтар үшін 3 нысанның іргетасы қаланды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Жас жұбайлар үшін ең маңызды және тарихи салтанатты рәсім ұйымдастыратын кабинетімен жабдықталмаған ғимаратқа қатысты тұрғындар мен жаңа өмірге бірге қадам басуға келген жастар тарапынан да ұсыныстар жиі айтылып келді.
Осыны ескерген аймақ басшысы Неке сарайы салтанатты ғимаратын салу туралы тапсырма берді.Сондай-ақ, бірнеше елді мекенге газ тарату желілері орнатылды. Мұнан бөлек 
“Бәйтерек” шағын ауданында жаңа су жинағыш құрылғы құрылысы басталады.

Енді Сыр өңірінде отбасылық өмірге қадам жасаған жастар заманауи үлгідегі неке сарайында отбасы атанады.

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев жас жұбайлардың киелі шаңырағына айналатын «Неке сарайының» Халықаралық жастар күні аясында бой көтеруінің символикалық мәні бар деді.

"Бір қуантарлығы, аймағымызда демографиялық өсім жылдан-жылға жақсарып, шаңырақ көтерген жастардың қатары артып келеді. Биылғы жылдың 6 айында 2276 жұп некеге тұрып, отбасылық өмірге қадам басты.
Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев: "Бақытты әрі берік шаңырақ - еліміздің игілігі мен өркендеуінің кепілі. Мықты отбасы - мықты мемлекет" деп отбасы құндылығының маңызды екенін жеткізді.
Келешекте неке сарайында отбасы құндылықтарын дәріптейтін әлеуметтік-мәдени іс-шаралар да тұрақты түрде өткізілетін болады", - деді Нұрлыбек Нәлібаев.