Жаяу жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқан оқушыны көлік қағып кетті

1 676

Фото: ашық дерек көзіБүгін таңертең Қарағанды көшелерінің бірінде жол талғамайтын көлік 12 жасар оқушыны қағып кетті. Бала жаяу жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқан. Алған жарақаттары салдарынан оқушы көз жұмды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Жайсыз оқиға бүгін таңертең сағат 8.00 шамасында болды.


«Тойота» жол талғамайтын көлігін басқарған 51 жастағы жүргізуші Аманжолов көшесімен келе жатқан. Жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етпей, реттелмейтін жаяу жүргіншілер жолағынан өіп бара жатқан 12 жасар оқушыны қағып кеткен. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жаяу жүргінші алған жарақаттарынан медициналық мекемеде қайтыс болды. ЖКО фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды», - деді Қарағанды облысы ПД бастығының орынбасары Ернат Қалиақпаров.

Оқиға орнында түсірілген бейне әлеуметтік желілерде тарап жатыр. Желі пайдаланушылары бұл жаяу жүргіншілер өткелінің өте қауіпті екенін және жүргізушілер әрдайым тоқтай бермейтінін айтады.

Өз кезегінде полиция департаменті жол қозғалысының қатысушыларын өте мұқият болуға және жылдамдық режимін сақтауға шақырады.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.