Jusan Bank қызметкері қазақша қызмет көрсетуден бас тартқан

2 006

Фото: Видео кадрJusan Bank қызметкері қазақстан азаматшасына мемлекеттік тілде жауап беруден бас тартқан,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Аталған жағдай түсірілген видеоны Кай есімді азамат Threads әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

“Клиент қазақша қызметті таңдады. Егер ол орысша білмесе, қазақ тілінде сөйлей алатын операторға жіберу керек еді. Меніңше олар халыққа қызмет көрсететін жерде мемлекеттік тілде қызмет көрсетуге дайын болуы керек”, – деп жазды ол. 

Желі қолданушысы жариялаған видеода әйел талонды қазақ тілінде алғанын, алайда банк қызметкері қазақша білмейтінін жеткізеді.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.