Антикор қызметкеріне қауіп төндірген полиция майоры қамауға алынды
311
Әлеуметтік желілерде азаматтық киімдегі адам сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкеріне қатысты атыс қаруын қолданумен қорқытатын бейне тараған, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қарасай ауданы Полиция басқармасының лауазымды тұлғаларына қатысты қылмыстық жауаптылықтан алшақтатқаны үшін 500 мың теңге сомасында ақшалай қаражат алу (пара) фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлері тінту жүргізген кезде полиция майоры заңды талаптарға бағынбай, атыс қаруын қолданамын деп қорқытқан.
Осы факт бойынша Қылмыстық кодекстің 380-бабы (билік өкіліне қатысты қауіп) бойынша қылмыстық іс тіркелді. Күдікті соттың санкциясымен қамауға алынды.
Тергеу жалғасуда.