Мың жарымға жуық жетім баланы үй кезегінен шығарып тастаған
454
Петропавлда 1360 жетім бала баспанаға мұқтаждардың тізімінен шығарылып, кезекте тұрмаған 70 адамға тұрғын үй берілген, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Astana TV арнасына сілтеме жасап.
СҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті жетім балаларды кезектен шығару фактілерін анықтады.
Өңірдің қоғамдық кеңесінде Петропавл түрғын үй коммуналдық шаруашылық саласындағы сыбайлас жемқорлық фактілері қаралды. Бөлімнің резервінде 2 889 пәтер бар, оның тек 747-сінде бөлу бойынша тиісті құжаттама бар. Қалған 1445 нысанда оларды пайдалануды растайтын құжаттар жоқ.
Баспанаға мұқтаждар арасында тұрғын үйді бөлу процесі заң талаптарына сәйкес келмейтіні анықталды. Заңнамаға сәйкес, жетім балаларға арналған мемлекеттік қордан тұрғын үй үлесі 20% болуы тиіс. Алайда тек 10,9% үлесті құрады. Яғни, жартысы алған жоқ.
Сондай-ақ, пәтерді тұру үшін емес, баю мақсатында қолданғандар бар.

Мұндай пәтерлерде тұру фактілерін анықтау үшін мониторинг ұйымдастырылды. Тексерілген 70 пәтердің 54-інде жалдау туралы растайтын құжаттары жоқ бөгде адамдар болды, – деді СҚО бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің превенция басқармасының басшысы Дамир Хабибулин.
Баспанаға мұқтаждар арасында тұрғын үйді бөлу процесі заң талаптарына сәйкес келмейтіні анықталды. Заңнамаға сәйкес, жетім балаларға арналған мемлекеттік қордан тұрғын үй үлесі 20% болуы тиіс. Алайда тек 10,9% үлесті құрады. Яғни, жартысы алған жоқ.
Кезекте жоқ ТКШ бөлімінің қызметшілеріне пәтер берілген. Мемлекеттік тұрғын үй қорын бақылаусыз пайдалануға жол бермеу мақсатында 1 445 нысанды мұқтаждар арасында бөлу шараларын бұзған адамдарға шаралар қабылдау талап етіледі, – деп атап өтті Хабибулин.
Сондай-ақ, пәтерді тұру үшін емес, баю мақсатында қолданғандар бар.
45 адам жекешелендіруден кейін бірден немесе қысқа мерзім ішінде тұрғын үйді сатып жіберген. Мысалы, жекешелендіруден 19 күн өткеннен кейін сатқан факт анықталды. Үш есе қымбатқа сатыпты. Мысалы, 5,7 млн теңгеге ипотекалық кредиттеу бағдарламасы шеңберінде берілген пәтер 22,2 млн теңгеге сатылған, – деді сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет.