Ер адам досының тойында оқ атқан

1 562

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Polisia.kzАлматы облысында ер адам досының тойында автоматтан оқ атқан, - деп  хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Әлеуметтік желіде видео пайда болды. Кадрларда көпшілік шарада куәгерлердің көзінше ер адам көліктен түсіп, аспанға оқ атқанын көруге болады. Жазба авторы оқиғаның Қаскелеңде үйлену тойы кезінде болып жатқанын түсіндіреді.


Tengrinews.kz сайтының мәліметінше, Алматы облысының полициясы оқиғаға қатысты пікір берді. Видео кейіпкері қазір ұсталып, қамауға алынғаны атап өтілді.


«2022 жылдың жазында Қарасай ауданындағы мейрамханалардың бірінің аумағында қару-жарақты пайдаланып видео түсірілгені анықталды. Қазіргі уақытта бейнежазбадағы 27 жастағы жергілікті тұрғын болып шыққан ер адам ұсталып, қамауға алынды. Ұсталған адамнан АК-74 автоматы табылды. Содан танысының үйлену тойында бірнеше рет оқ атқан», - деп хабарлады Алматы облысының Полиция департаменті.


Полицейлер бұл факт бұзақылық ретінде тіркеліп, қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді. Тәркіленген қару баллистикалық сараптамаға жіберілген.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.