Елімізде геологтер қанша жалақы алады

1 379

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: freepik.comЕлімізде тәжірибелі геологтер 1 млн теңгеден жоғары жалақы алады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

 Бұл туралы ҚР ӨҚМ Геология комитетінің төрағасы Ерлан Акбаров айтты.

Бір уақыттарда елімізде геологтер қатты тапшы болды. Қазірдің өзінде кадр тапшылығы байқалады. Әсіресе барлау жұмыстары жанданған шығыс өңірінде маман жетіспеушілігі мәселесі бар. Жалпы қазір жерасты кендерін барлау жұмыстары жанданып жатыр, — деді ол ОКҚ алаңында.

Оның айтуынша, елімізде нақты қанша геолог маман жетіспейтіні жайлы арнайы статистика жүргізілмейді. Алайда, былтырғы бір зерттеуде көрсетілгендей, Қазақстанда жыл сайын 2000 геологтің қажеттілігі бар. 

Бұл саладағы мамандардың көбі — аға буын өкілдері. Олар көбінде жетекші екі-үш компанияда қызмет етеді. Геология жоғары жалақы төленетін салалар қатарына жатады. Атап айтқанда, оқуды жаңа бітірген жас маман 300 мың теңгеден кем жалақы алмайды. Ал, тәжірибелі геологтер 1 000 000 теңгеден жоғары айлық алады, — деді Ерлан Акбаров.





OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.