Әкімдік 2,5 миллиард теңгені заңсыз жұмсамақ болған
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Көкшетауда әкімдік көппәтерлі тұрғын үй салуға 2,5 миллиард теңгеге заңсыз шарт жасасқан, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Ақмола облысы прокуратурасының баспасөз қызметінің мәліметінше, мемлекеттік сатып алу кезінде әкімдік заңнама талаптарын бұзған.
Деректерге сай, бұл ақшалай қаражат басқа әлеуметтік бағдарламаларды іске асыруға бағытталған. Ал кінәлі деп танылған адамдар заңмен жауапкершілікке тартылды.
Қаз
Рус






