Көзімен 30 келі кір тасын көтерген қазақ жігіті жұртты таңқалдырды (ВИДЕО)

556
Айдын Нұржұма есімді қазақ жігіті «Көреміз» ток-шоуына келіп, аса қауіпті трюктерді көрсетіп жұртты таңқалдырды,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі turkystan.kz сайтына сілтеме жасап.

Ол бағдарламаға келіп, көрерменнің алдында көзімен 30 келі кір тасын көтерген. Ал бағдарлама жүргізушісі әлемде көзбен кір тасын көтеретін екі грузин, бір қазақ жігіті барын айтты. Сол қазақ жігіті осы Айдын.

«Украин жігіттер көзбен көтерген болатын. Біздің мақсат олардың жетістігінен асып кету керек. Неге бізге жасап көрмеске, шынықсақ қолдан келмейтін нәрсе жоқ. Қазақтың жігіттерінің мықты екенін әлемге танытқымыз келеді», – дейді Айдын.

Айдын бұдан бөлек тісіне шынжыр байлап, көлік тарта алатынын айтты. Сондай-ақ қазақтың есімдерін гиннесстің рекордтар кітабына енгізіп, еліміздің мықты жігіттерін әлемге танытқысы келеді екен.

«Адамның жасай алмайтыны жоқ. Біз қазақ жалқаумыз. Тек миға жасай аламын деу арқылы сигнал беріп, әрекет ету керек. Сол кезде әрбір адам бір нәтижеге жетеді», – дейді спорт дәрігері бағдарлама барысында.

Қазақ жігітінің енді алдағы мақсаты көзбен 1 тонналық көлік тартып көру.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.