Елімізде 3 млрд теңгеге салынған жаңа мектептің қабырғасы қақырап тұр

324
2020 жылдың қыркүйегінде пайдалануға берілген Алматыдағы №202 мектеп-гимназиясы ғимаратының қабырғасы қақырай бастаған, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

"Время" газетінің жазуынша, "Мамыр" шағынауданындағы 3 қабатты №202 мектеп-гимназиясының құрылысы 2019 жылдың сәуір айында басталған. Ғимаратты 2020 жылдың қарашасында пайдалануға беру жоспарланған, алайда құрылыс жұмыстары жеделдетіліп, 2020 жылдың 1 қыркүйегіне дейін аяқталыпты.

Қоғам қайраткері және "Әділдік жолы" ҚБ атқарушы директоры Дидар Смағұловтың айтуынша, мектеп құрылысына бюджеттен 3 014 896 820 теңге бөлінген.

"Жағдай қазірдің өзінде қауіпті! Достар, мен мұндайды бірінші рет көріп отырмын: мектеп қабырғасын 2 бөлікке бөлген жарықшақты кабель желісімен жауып қойған", - деп жазды ол.

Смағұловтың айтуынша, жарықшақ бүкіл ғимарат бойымен таралған және кейбір жерлерде шамамен 10 см құрайды. Сараптама сметадағы сәйкессіздіктер 100 млн теңгеден асатынын көрсеткен.

"Бірақ, ең бастысы, уәкілетті органдар құрылыс сараптамасын жасап, төтенше жағдайға көз жеткізуі керек",  деп атап өтті қоғам қайраткері.

Алайда, Смағұловтың айтуынша, бірнеше ай бойы Антикор да, аудит департаменті де жауап бермейді. Желідегі резонанстан кейін Алматы қаласы білім басқармасының комиссиясы мектепте тексеру жүргізіп жатыр.

Ашық дереккөздерге сүйенсек, мектептің құрылысын  AK Construction компаниясы жүргізген.