Аралда жаппай қырылған балықтың өлу себебі анықталды

1 175
Арал ауданындағы Сырдария өзенінен су алатын арнада майда шабақ қырылып жатыр, деп хабарлайды Opennews.kz агенттігі.

Бүгінде Арал ауданына қарасты Бөген ауылында мекен ететін тұрғынның балық аулап күн көретіндігі баршаға мәлім. Алайда, Сағынбай су арнасында майда шабақтардың қырылып жатқандығы жайында ауыл тұрғындары дабыл қаққан болатын. 

Орын алған жағдайды зерделеу жұмыстары барысында «ұзындығы 1,2 км жуық, ені 16 м құрайтын канал бойынан бірнеше ойық ойылып, ақбалық, торта, табан балық түрлері анықталған. Судағы оттегі мөлшері 3,5 мг/дм³, температура 2,5ºС, орташа тереңдігі 2,5 м құрады. Ғылыми ұйым маманының зерттеуі бойынша каналда оттегінің аздығы балық тіршілігі үшін қолайсыз екендігі белгілі болған,» - деді Арал-Сырдария облысаралық бассейіндік балық шаруашылығы инспекциясы басшысының міндетін атқарушы Жанқожа Сапаров. 

Балық шаруашылығы инспекциясы өкілінің айтуынша, қазірде балықты сақтап қалу үшін арнайы ойықтар жасалып, қолдан оттегі беру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Балықтың қырылуына судың аздығы, екі каналдың ортасының бөлініп қалуы, 25 см болған мұздың қалыңдығы әсер еткен дейді-мыс.

Бүгінде құзырлы органдар балықтан және судан сынама алып, сараптама жұмыстарын жүргізіп жатырғандығын атап өтті.
Естеріңізге сала кетсек Арал ауданында өткен жылы жұт жайлап, біршама мал қуаңшылықтан қырылған болатын.


АЙГЕРІМ РАХЫМЖАНҚЫЗЫ