Түркістан облысында тау шатқалында адасып кеткендер құтқарылды

370

Фото: видеодан скриншотАлтыншы маусым күні сағат он екілерде Түркістан облысы Төлеби ауданында орналасқан Біркөлік шатқалындағы сарқырамаға бет алған үш жігіт адасып кеткен. Жігіттердің адасып кеткені туралы хабарлама 6 маусым күні сағат 15.40-та Түркістан облысы Төлеби ауданының өрт сөндіру қызметіне келіп түскен. 


Үшеуі де бірге демалуға келген Сарыағаш ауданының тұрғындары екені анықталып отыр. Одан бөлек, тау шатқалында адасып кеткендердің 1994 жылы туған, 1993 жылы туған және 1994 жылы туған жігіттер екені белгілі болған. 


Құтқарушылар тікұшақпен іздеу жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде сағат 17.25-те адасып кеткен жігіттер табылып, құтқарылған. Жарты сағаттан соң олар Шымкент қаласындағы әуежайға жеткізілген. 


Құтқарушылар тікұшақпен іздеу жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде сағат 17.25-те адасып кеткен жігіттер табылып, құтқарылған. Жарты сағаттан соң олар Шымкент қаласындағы әуежайға жеткізілген. 


"Сағат 16:33-те зардап шеккендерді құтқару үшін жедел штабтан Төтенше жағдайлар министрлігінің "Қазавиаспас" АҚ Mi-8AMT UP-MI871 ұшағы және Түркістан обылысы Төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары, подполковник Е. Сарыбаев, жедел құтқару жасағынан 6 құтқарушы жіберілген.


 17:25-те тікұшақпен іздеу жұмыстары кезінде үш адам табылып, құтқарылды. Кешкі сағат 17:55-те құтқарылған адамдар Шымкент қаласының әуежайына жеткізілді,"- делінген хабарламада. 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.