Қызылордада оқушыларға «Әлем ВООК» жобасы аясында танымдық сабақ өткізілді
Шараға тәлімгерлер Рахманқұлова Набат пен «Дәстүрлі ән-жыр» домбыра үйірме жетекшісі Маханбетжанов Мейірімжан қатысып, оқырмандарға Қарасақал Ерімбеттің өмірі мен ақындық өнер жолдары туралы айтты.
Шараның мақсаты – шығыстық дидактика-философиялық мазмұндағы әдеби дәстүрді дамытып, ислам дінінің гуманистік- ағартушылық идеяларын қазақ поэзиясының поэтикалық өзегімен тұтастыра жырлаған, қазақтық дәстүрлі айтыс өнеріне өзіндік ерекшелігімен үлес қосқан, даналық мұхитына терең бойлаған Шайыр есімін ардақтауға, өмірі мен ақын шығармаларын таныстыра отырып, жас ұрпақты мейірімділікке, адалдыққа тәрбиелеу.
Шара барысында жас оқырмандар Қарасақал Ерімбеттің « Нақыл сөз», « Әй, балам, саған насихат», «Мұратқа ешкім қолдан жеткен емес» атты өсиетті өлеңдерін оқып, «Дәстүрлі ән-жыр» домбыра үйірме оқушылары Қарасақал Ерімбеттің «Сыр сүлейлері» атты термесін орындады.