Құрылысшыларға құрмет
Шиелі ауданы әкімінің міндетін атқарушы Алмат Алдабергеновтің қатысуымен Құрылысшылар күні кәсіби мерекесіне орай аудандағы құрылыс саласының ардагерлері мен қызметкерлеріне құрмет көрсету мақсатында мерекелік кеш өтті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Алмат Әбдуәзизұлы құрыш қолды құрылысшыларды төл мерекемен құттықтап, Шиелі ауданының осы салада жеткен жетістіктеріне мереке иелерінің үлесі зор екендігін жеткізді.
Мұнан соң, шара мараппатау кезеңіне ұласып, құрылыс саласының ардагерлері мен бүгінде осы саланы өрге сүйреп жүрген бірқатар азаматтар марапатталды. Сонымен қатар, құрылыс саласының ардагерлері Ғани Есімов және Насыр Мырзабековке Шиелі ауданының «Құрметті азаматы» атағы берілді.
Әр мамандықтың қоғамда алатын өзіндік орны, мәртебесі бар. Сондай мәртебелі мамандықтардың бірі құрылысшы мамандығы екендігі баршамызға аян. Құрылысшы - адамзат өркениетiнiң бастауында тұрған мамандық. Құрылыс индустриясы - экономиканың негiзгi iргетасы. Кез келген елдiң экономикалық күш-қуаты мен әлеуметтiк тұрақтылығы құрылыс саласының дамуына тiкелей байланысты.
Мемлекет басшысының қолдауымен Тәуелсiздiк жылдары елiмiзде құрылыс саласын дамытуға барынша жағдай жасалды. Отандық құрылыс индустриясы қанат жайып, құрылыс материалдарын шығаратын өндiрiс орындары көбейдi. Құрылысшы еңбегi қашан да құрметке лайық!
Барлық құрылысшы мамандық иелерін төл мерекелерімен құттықтап, ел экономикасының дамып, көркеюіне қосқан үлестерінің жемісін көре берсін деп тілейміз!