ТЖМ академиясының екі курсанты 16 жасқа толмаған қызды зорлаған
Көкшетаудағы Төтенше жағдайлар министрлігінің Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының екі курсанты кәмелетке толмаған баланы зорлап, жазадан құтылып кеткен, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі azattyq-ruhy сайтына сілтеме жасап.
Полиция академияның екі курсантының 16 жасқа толмаған қызды зорлағынын растады. Осы бойынша 2024 жылы 1 қыркүйекте Көкшетау қаласының полиция басқармасы кәмелетке толмағанға қатысты жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық фактісі бойынша тергеп-тексеруді бастаған. Оларға қатысты ҚК 1-тармағының 120-бабы 3/1- тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілген. Бірақ кейін қылмыстық істің бабы өзгерген. Полиция істің қандай бапқа ауыстырылғанын айтқан жоқ.
Осылайша неге екенін белгісіз, курсантқа қатысты қылмыстық қудалау 11 қарашада тоқтаған. Ал екінші күдіктімен зорлық көрген қыздың отбасы татуласып, 5 желтоқсанда оған қатысты тергеу де жабылып тынады. Ақыр соңында зорлықшылар сотталмаған. Мұндай шешімді прокуратура мақұлдаған.
Жас баланы зорлады деп күдікке ілінген академияның күндізгі оқу факультетінің курсанттарын тек оқудан шығарып жіберген. Ал оқу орнының лауазымды тұлғалары тәртіптік жауапкершілікке тартылған.
ҚК 1-тармағының 120-бабы 3/1- тармағы бойынша қылмыс жасаған адам белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, он бес жылдан он жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Қылмыстық кодекске жаңа 121-1-бап «Он алты жасқа толмаған адамдарға сексуалдық сипатта тиісу» қосылды. Бұл бап бойынша белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейін айыра отырып немесе онсыз, 200 АЕК дейін түзеу жұмыстарына не 200 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тартуға, не 50 тәулікке дейін қамауға алу жазасы қарастырылған.