Апатты үй тұрғындары қашан көшірілмек?
279
Қызылордада апатты деп танылған үй тұрғындары жыл соңына дейін жаңа үйге қоныстандыруды талап етуде, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Тасбөгет кентінде бір емес бірнеше апатты деп танылған көппәтерлі үйлердің бар екендігі жасырын емес. Алайда, бір емес бірнеше жылдан бері қабырғалары шетінеп, жертөлесі суға толған үй тұрғындары әкімдікке барып, шағым білдірген болатын.
Тұрғындардың айтуынша, бірнеше жылдан бері қол жеткізе алмай жүрген баспана кезегі әлі күнге дейін азаяр емес. Тіпті шарасыздықтан үйлерін тастап кеткен тұрғындардың қазіргі үйлерін тұрақты мекені жоқтар мен ішкілікке құмар жандар паналаған дейді.
Осы орайда, Қызылорда қаласы әкімдігіне атбасын бұрып барған апатты үйдің тұрғындарымен қала әкімінің орынбасары Еркебай Ғалымжан Бақтығалиұлы қабылдады.
Әкім орынбасары өз сөзінде, үстіміздегі жылы апатты деп танылған үйлердің тұрғындарына желтоқсан айында үй берілетіндігін атап өтті. Үй кезегінде тұрған 100 адам толықтай қаламыздың сол жағалауында бой көтеріп отырған жаңа пәтердің кілттері табысталатындығын жеткізді.
Біздің ақпараттық агенттіктің тілшілері « Қызылордалық тұрғын: «Қала әкімі мен облыс әкімінің қабылдауынан нәтиже жоқ...» атты мақала жариялаған болатын. Тасбөгет кентінде А.Молдағұлова көшесінің бойында орналасқан № 2 апатты үй тұрғындарына атқа мінер азаматтарымыз жыл соңына дейін жаңа пәтерге қоныс аударылады деп атап өткен болатын.
Ал, жуырда «Орда Тв» Youtube каналының түсірілген бейнежазбасында да жаңа пәтерге қоныс аударатындығы жөнінде айтылған.

Біз Тасбөгет кентінің 34 үй тұрғындарымыз үйіміз жылдан жылға тозып барады. Енді қаңырап қалған үйлердің көбіне ішкілікке сылқия тойған жандардың тұрақты мекеніне айналған. Балаларымыздың өмірі үшін де алаңдаймыз. Жылдар бойына қаңыраған қабырғадан суық өтіп, аурудан көз ашпаймыз.,- дейді тұрғындар.
Осы орайда, Қызылорда қаласы әкімдігіне атбасын бұрып барған апатты үйдің тұрғындарымен қала әкімінің орынбасары Еркебай Ғалымжан Бақтығалиұлы қабылдады.
Әкім орынбасары өз сөзінде, үстіміздегі жылы апатты деп танылған үйлердің тұрғындарына желтоқсан айында үй берілетіндігін атап өтті. Үй кезегінде тұрған 100 адам толықтай қаламыздың сол жағалауында бой көтеріп отырған жаңа пәтердің кілттері табысталатындығын жеткізді.
Үстіміздегі жылдың желтоқсан айында жаңа пәтер кілті табысталады. Алайда, апатты үй кезегінде тұрған жандарға заңға сәйкес кезек реттілігімен беріледі,- деді қала әкімінің орынбасары Еркебай Ғалымжан.