Қызылордалық тұрғын: "Қала әкімі мен облыс әкімінің қабылдауынан нәтиже жоқ..."

2 049
Бүгінгі күні  Тасбөгет кентінің тұрғындары өздерін апатты үйде қорқынышпен өмір сүріп жатқандықтарын айтуда, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 



Тұрғындардың айтуынша, А.Молдағұлова көшесінің бойында орналасқан № 2 үй апаттық жағдайда тұрғанына быраз уақыт болған. 30 жыл бұрын мемлекет тарапынан берілген үйдің апатты жағадайда қалғанына 3 жылға жуықтаған. Алайда, сарапшылардың үйді апатты деп танығанына небәрі 2 жыл уақыт болған. Бүгінде үйдің қабырғалары мүжіліп, өжірелері сасыған суға толып, пәтерлердің едендері ылғалданып, қабырғалары көгерген үйде 16 отбасы мекен етуде. Ойын баласының ойда жоқта өжіреге түсіп кетеме деген үреймен өмір сүріп келеміз деген тұрғындар: «Тасбөгет кентінің әкімдігінен еш көмек жоқ!», деп налып отыр. Осы орайда: 

«Қала әкімдігі мен облыс әкімдігінің қабылдауына жазылған болатынбыз. Нәтиже жоқ. Үй кезек реттілігі бойынша беріледі, дегеннен басқа айтары жоқ. Үй опырылып, адам шығыны болғанда ғана әрекет етеді ме? Менің үйім ызадан көгеріп, төбемнен су кетіп отыр. Жаңбыр жауса төбемізден шелектеп су кетеді, жазда қаумалаған  бадынадай маса мен сасыған иістен құтыла алмаймыз. Өжіреміз толығымен суда тұр. Үйді апатты деп таныған соң билік тиесілі шараларын қолданса екен дейміз. Үйді кезек күттірмей беруге болмай ма? Біздің қазір  тұрып жатқан үйіміз өкпе демікпесі ауруын күшейтіп жатыр»,-дейді Раиса Сыздықова.


Көшірсе бәрімізді бірдей көшірсін деген тұрғындардың наразылығы орынды. Тұрғындардың айтуынша, жуырда келген әкімдіктің айтар уәжі қабырғасы шетінеп арасынан күн көрінген бірінші қабат пен екінші қабаттағы екі тұрғынды ғана көшіреміз деген сөзіне түбегейлі қарсылық танытып отыр. Алайда, тұрғындар апатты деп танылғандықтан барлығымызды бірдей көшірсін деген басты талап қойып отыр.


«Тұрғындар өз қаражаттарының есебінен «Құрылыс сараптама» ЖШС-нің сарапшысыларына жүгініп, 27.02.2020 жылғы №11 эксперттік сараптама қорытындысы бойынша апаттық жағдайда деп таныған. «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 74-бабының 1-тармағына сәйкес, мұқтаждар есебiнде тұратын азаматтарға мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй барлық қажеттi құжаттармен бірге өтiнiш берiлген кезден бастап тізімде белгіленген кезек ретімен беріледі. Ал, үй қабырғасы құлау апаттылығы қауіпті екі отбасы жуық арада мемлекет балансындағы тиісті үй кезегі жеткенше уақытша баспанамен қамтамасыз етілетін болады. Алдағы уақытта жаңа үйлер салынсын деп сұраныс беріп жатырмыз»,- деді Қалалық тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Рысбек Абзал Рысбекұлы.


«Мен осы үйдің тұрғынымын. Әр күніміз қорқынышпен өтеді. Қай уақытта қай жері құлап кетеді деген оймен өмір сүрудің өзі қиын екен. Жаздыңгүні қандала қаптап арпалысамыз. Өжіреміз толы су қабырғалардың бәрі азынап тұр ара-жігі ашылып. Жылы жерде отыра бермей тиісті шара қолданылсын»,- деді Айбек Әбдірайымов.

Ал, тұрғын үй басшылығының айтуы бойынша жыл соңына дейін көшірілу қарастырылып жатыр деген болатын. Алайда, тұрғындардың наразылығын естір құлақ болса, нұр үстіне нұр болар еді.
 
АЙГЕРІМ РАХЫМЖАНҚЫЗЫ