Шерзат Болаттың өліміне қатысты іс бойынша куәгер оқиға орнында мылтық қайдан пайда болғанын айтты

1 332

Фото: Видеодан скриншотБүгін Шерзат Болаттың өліміне қатысты іс бойынша сот отырысында куәгер Эльмира Нұрбековадан жауап алынды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 
Cот отырысы барысында куәгер Эльмира Нұрбековаға бірнеше сұрақ қойылды. Олардың бірқатары қылмыс орынында қолданылған мылтыққа байланысты болды.

"Дүкенде мен ешкімді ұстамадым. Мені қорқытып шық дегенде, мен шығып кеттім. Дүкеннің жанында көлік тұрды, мен сол жаққа бет алдым. Мен оны бөгеген жоқпын. Қаруды сақалы бар, кепка киген адам алып келді, - деді әйел.

Осы тұста куәгер ол адам кім болғаны туралы сұраққа жауап берді.

"Түсінгенім – ол қайтыс болған баланың ағасы", - деді Эльмира Нұрбекова.
"Сіз сонда мылтықты Ғайыпбаев әкелді дегіңіз келіп тұр ма?", - деп нақтылап сұрады қорғаушы.

"Иә. Басында мен оны фотосурет арқылы таныдым. Кейін бір-бірімізді көзбе-көз беттестіру кезінде көрдік", - дед мәлімдеді куәгер.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.