Келісімшарт бойынша қызмет ететін әскери қызметкер асылып өлді
286
Жаңаөзенде 19 жастағы әскери қызметкер өз бөлмесінде асылып қалды, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Қайғылы оқиға Жаңаөзендегі Ұлттық ұланның 5548-әскери бөліміндегі жатақханада болған. 19 жастағы әскери қызметкер өз белдігіне асылып қалды.
Қайғылы оқиға Жаңаөзендегі Ұлттық ұланның 5548-әскери бөліміндегі жатақханада болған. 19 жастағы әскери қызметкер өз белдігіне асылып қалды.
Ұлттық ұлан қатарында 2021 жылдан бері қызмет етеді. Ақтөбе облысынан келген. Келісімшарт бойынша сапер-маман болып жұмыс істеген. Оқиға туралы туыстарына ескертілді. Қазір оқиғаның мән-жайын анықтап жатырмыз, – деді Ерлан Құтқожа.