"LRT – маған жүктелген шаруа емес" - министр
535
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев елордадағы LRT құрылысына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Бұдан бұрын хабарланғандай, биыл қыркүйек айында ҚР Қаржы вице-министрі Татьяна Савельева елордалықтарды алаңдатқан LRT құрылысына қаржы қайдан бөлінетінін айтқан еді.
«Қазіргі кезде бұл жоба толықтай жергілікті атқарушы органның, яғни Астана қаласы әкімдігінің қарауында. Әкімдіктің жауапкершілігінде тұр. Егер жобаны министрлікке тапсырса, онда LRT құрылысы бойынша нақты жұмыс алгоритмін жарялаймын. Әзіргі маған бұл бағытта тапсырма жүктелмеді», - деді Қайырбек Өскенбаев.
Бұдан бұрын хабарланғандай, биыл қыркүйек айында ҚР Қаржы вице-министрі Татьяна Савельева елордалықтарды алаңдатқан LRT құрылысына қаржы қайдан бөлінетінін айтқан еді.
«Ақша Үкімет резервінен бөлінбейтін шығар. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі бойынша бюджеттік бағдарламалар қайтадан бөлінеді. Тиісті трансферттер қосылады. Мұның бәрі келесі жылы бюджетті нақтылайтын кезде болады. Барлық құжаттама қажетті процедуралардан өтті. Бірқатар көрсеткіш қайта қаралды. Заңнаманың бүкіл талабы сақталды. Қазір пысықталып жатыр», - деді вице-министр.