АУДАН ӘКІМДІГІНДЕ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

222

Фото: Қызылорда облыс әкімдігіБүгін аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясының кезекті отырысы өтті,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.  

Комиссия отырысының күн тәртібіндегі  «Кәмелетке толмағандар арасындағы суицид (тәуекел топ) нашақорлықтың алдын алу профилактикасы, мектептердегі психологтардың жұмыстарының барысы, кәмелетке толмағандарды әлеуметтік желілердің теріс әсерінен сақтандыру және «Кәмелетке толмағандар арасындағы ерте жүктілік мәселесі» бойынша тиісті сала мамандары баяндама жасады. 


Ерте жүктілік – кәмелет жасқа толмаған қыз баланың жүкті болуы. Ол адамның психологиясына, физиологиясына кері әсерін тигізетіндіктен, алдын алу шараларын барынша қолға алып, дұрыс ақпараттандыру жұмыстарын қарқынды жүргізу керек деп есептеймін. Оған алып келетін алғашқы себеп – отбасыда қыз балаға жыныстық тәрбиенің дұрыс берілмеуі. Қазақ отбасыларында көбінесе жыныстық қатынас пен жыныстық тәрбиенің ара-жігін дұрыс айыра білмейді. Ата-аналарға осы турасында айта бастасаң, сөзіңді толық тыңдауға құлық танытпайды. Бұл – дұрыс емес. Ешқашан жыныстық тәрбиені жыныстық қатынаспен шатастырауға болмайды. Клиникалық сексологияда үш жастан бастап, жыныстық тәрбие беру керектігі айтылады. Яғни, рөлдік позиция бойынша бала үш жасында-ақ қай жынысқа жататанын білген жөн.
Қыз баласы етеккір келген кезінде анасымен гармониялық қарым-қатынаста болмаса, әртүрлі жағдайларға тап болуы мүмкін. Оның ең ауыры жүктілікке дейін жетіп жатады. Ғаламтордан көрген, оқыған түрлі видеолар мен ақпараттар қыздың жыныстық қатынасқа деген қызығушылығын оятатыны анық. Жүктілікке әкелетін себеп көп болғандықтан, оның әрқайсысын индивидуалды түрде қарастырғанымыз жөн. Етеккір келгеннен бастап, қыздардың бала көтеруге физиологиялық мүмкіндігі жетенінін айту шарт. Десе де, оның психологиялық тұрғыдан ондай тақырыптарға дайындығына көзімізді жеткізуіміз керек. Қыз баланың психикасына кері әсер етпейтіндей, дұрыс құлақтандырудың маңызы жоғары.


Мәжіліс соңында аудан әкімінің орынбасары Ж.Ерқосаев комиссия мүшелерінің қозғалған мәселелер жайлы ұсыныс-пікірлерін тыңдап, алда атқарылатын жұмыстар бойынша  барлық оқушылардың өмір қауіпсіздігі бағытындағы профилактикалық жұмыстарды тиімді өткізу, жастар және жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында құқықтық түсіндірме жұмыстарын жүйелі жүргізіп отыру ұдайы назарда болу қажеттігін айтып, тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар берді.