Атырауда масамен күреске 126 млн теңге бөлінді

266

Атырауда масаларды улауға бюджеттен 126 млн теңге бөлінді,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Экспресс К сайтына сілтеме жасап.

Қазірдің өзінде еліміздің мұнайлы астанасында маса көбейген.

Атырау қаласы әкімдігі маса улау үшін тендерді жылдың басында жариялағанымен, қатысушылардың құжаттары дұрыс болмай, кейінге қалдырған. Тендер екінші рет осы айдың басында жарияланып, келесі апта да аяқталады.

Айдың соңына дейін тендер жеңімпазы анықталады. Мамыр айында масаларды улауды бастаймыз,— дейді қала әкімдігінің баспасөз хатшысы Нұрислам Ғұмар.

Былтыр да жәндіктерді улау үшін қала бюджетінен осындай қаражат бөлінген болатын. Алайда тұрғындардың масалармен күрес жұмыстарына көңілдері толмады.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.