Петропавлда жылу электр станциясында жұмысшы көз жұмды

159

Петропавлда ЖЭО-2-де монолитші өндірістік жарақат алып, көз жұмды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Аталған дерек Петропавл полиция департаментінде Қылмыстық кодекстің 156-бабы 2-бөлігі бойынша (Еңбекті қорғау қағидаларын бұзу) тіркелді. 

Сотқа дейінгі тергеу барысында 5 қарашада жылу электр станциясы аумағында жұмыс орнында болған 21 жастағы монолитшінің өндірістік жарақат алғаны анықталды. Ер адам медициналық мекемеге жатқызылған, алайда 7 қарашада алған жарақаттарынан көз жұмды. 

“Қазіргі уақытта істің мән-жайларын зерттеуге бағытталған тергеу әрекеттері жүргізілуде, олардың нәтижелері бойынша түпкілікті процестік шешім қабылданатын болады. Сондай-ақ жұмыстарды орындау кезінде өндірістік қауіпсіздік талаптарын сақтау бойынша жауапты тұлғалардың кінәсі анықталады”, – делінген хабарламада.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.