Елімізде шетелдік көліктер қалай заңдастырылады?
Ішкі істер министрлігі көліктерді тікеу үшін қандай талаптар қойылатынын жария етті, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Біздің елде көлік бағасы шарықтап тұрғандығы жалпақ жұртқа мәлім. Сондықтан адамдар мейлінше жеңіл жолына көшіп, шетелдік көліктерге жүгінеді. Ал, заңсыз көліктің аты әрине заңсыз. Дегенмен, шетелге көлік аламын деп жиған-тергеніңді алып жолға шыққанда арманыңдағыны қанжығалап қайтқың келеді. Бірақ, әттеген-ай... Елімізге келген көліктерді заңдастырудың өзі қыруар қаржыны талап ететіндігі тағы бар.
Осы орайда, Мемлекет басшысы «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» Жолдауында Үкіметке осы жылдың 1 қыркүйегіне дейін елімізге әкелінген шетелдік автокөліктерді заңдастыруды тапсырған болатын.
2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін Қазақстанға әкелінген барлық көлік құралы бойынша Ішкі істер, Мемлекеттік кірістер және Ұлттық қауіпсіздік органдары (Шекара қызметі) арасында ақпарат алмасу мәселелері пысықталды. Әкелінген автокөліктерді заңдастыруда ІІМ белгіленген мерзімнен кейін болдырмау үшін жинақталған.
Ал, 200-250 мың теңгеге тіркелетін автомобильдің жасы мен экологиялық класына қатысты талап жоқ. Басқа талаптар бойынша шешім ұлттық және халықаралық заңнаманы ескере отырып қабылданбақ. Алайда тіркеу жұмысы 2023 жылғы қаңтарда аяқталады екен, шетелдік машиналарды заңдастыру да сол уақытта басталады. Утиль алымы сұралмағанымен, Евразиялық Экономикалық Одақтың тауары саналмайтын көлік иелері кеден салығын төлеуге міндеттеледі. ЕЭО тауары болып табылмайтын автокөліктер кедендік баждарды төлеуі тиіс. Ал, аталмыш одақ құрамына енетін мемлекеттер қатарына Беларусь, Қазақстан, Ресей, Армения, Қырғызстан енеді.
Алайда енгізілген заң талаптары бәріне бірдей емес. Демек, елімізде заңдастырылмайтын автокөліктерде бар. Оларды анықтаудың жолдары 1 қыркүйектен кейін әкелінген, басқа криминалдық есеп бойынша іздеуде жүрген, заңдық немесе сот тарапынан шектеулері бар, бұрын тіркелген елдегі есептен белгіленген тәртіппен алынбаған, басқару тетігі оң жақта орналасқан, сондай-ақ тіркеуден немесе толық кедендік тексерістен өтпеген, иелерінің тіркеу және құқық белгілейтін құжаттары жоқ автокөліктер заңдастыруға жатпайды. Сондай-ақ “криминалдық” автокөлікті тіркеуден өткізбеу мақсатында көлік туралы ақпарат бұрынғы тіркелген елдердің құқық қорғау және кеден органдарымен салыстырылатын болады.
Ал, 1-қыркүйектен кейін келгендер жалпы тәртіпте тіркеледі. Қазір машинаны заңдастыру үшін полицияға онлайн өтінім беру мүмкіндігі қаралып жатыр. Құзырлы орган тіркелген техникаға кәдімгі ақ нөмір береді және қандай да бір шектеу қоймайды.
Сондай-ақ министрлік жол ережесін бұзудың кейбір түрлері бойынша жауапкершілікті күшейту болғанымен, полиция шетелдік автокөліктер бойынша ешқандай арнайы рейдтік іс-шаралар жүргізбейтіні де белгілі болды. хабарлады.