"Пышақпен тап берген": Оралда қарақшылық шабуыл жасаған күдіктіні ұстаған полицейлер марапатталды

1 515

Фото: polisia.kzОралда дүкенге қарақшылық шабуыл жасап, қарулы қарсылық көрсеткен күдіктіні ұстау кезінде батылдық танытқан полицейлер марапатталды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

ІІМ-нің ақпараттық медиапорталының жазуынша, БҚО ПД бастығы Арман Оразалиев қарулы қылмыскерді ұстау кезінде батылдық пен кәсібилік танытқан Орал қалалық полиция басқармасының қызметкерлері – полиция капитаны Еркебұлан Жұмақашев пен полиция старшинасы Берік Лұқпановты марапаттаған.

Оларға "Қазақстан полициясына 30 жыл" төсбелгісі тапсырылған.

Марапаттау барысында ведомство басшысы полиция қызметкерлерінің қырағылығы мен жеделдігін ерекше атап өтіп, оларға қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолындағы адал қызметі үшін алғысын айтқан.

Басылымның мәліметінше, оқиға 31 шілдеде Орал қаласындағы дүкендердің бірінде болған. Бетперде киген ер адам сатушыны пышақпен қорқытып, кассадағы ақшаны алып кеткен.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері күдіктінің қалың шөптің арасында жасырынып жатқанын байқап қалған.

Алайда ол қолындағы пышақпен тәртіп сақшыларына тап берген. Өмірлеріне төнген қауіпке қарамастан полицейлер арнайы әдістерді шебер қолданып, қарулы шабуылдаушыны санаулы сәттер ішінде құрықтаған. Оқиға салдарынан ешкім зардап шекпеген.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.