Қызылордада суға батып кеткен жасөспірімнің денесі табылды
304
Қызылорда облысында экскурсиямен келген елордалық 15 жастағы жасөспірімнің денесі дариядан табылды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Оқиға 6 маусымда Қармақшы ауданындағы Қорқыт ата кесенесі тұсындағы дария аумағында тіркелген. Мәлім болғанындай, жасөспірім анасымен бірге Нұр-Сұлтан қаласынан экскурсиялық сапармен жүрген. Анасы кесене басында белгісіз себеппен баланы жоғалтып алған. Кейіннен жасөспірімнің дарияға батып кеткені анықталды.

«Іздестіру жұмыстары 6 маусымда сағат 15.20-да басталды. Алғашқы күнгі іздестіру шаралары нәтиже берген жоқ. Ол сол күні кешкісін уақытша тоқтатылып, келесі күндері қайта жалғасты. Құтқарушылар баланың денесін бүгін, 8 маусымда 7.50-де суға түскен жерінен 10 шақырымдай қашықтықтан тапты», - деді Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы Әлия Ережепова.