Қызылордада суға батып кеткен жасөспірімнің денесі табылды

308

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Қызылорда облысында экскурсиямен келген  елордалық 15 жастағы жасөспірімнің денесі дариядан табылды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.  

Оқиға 6 маусымда Қармақшы ауданындағы Қорқыт ата кесенесі тұсындағы дария аумағында тіркелген. Мәлім болғанындай, жасөспірім анасымен бірге Нұр-Сұлтан қаласынан экскурсиялық сапармен жүрген. Анасы кесене басында белгісіз себеппен баланы жоғалтып алған. Кейіннен жасөспірімнің дарияға батып кеткені анықталды.

«Іздестіру жұмыстары 6 маусымда сағат 15.20-да басталды. Алғашқы күнгі іздестіру шаралары нәтиже берген жоқ. Ол сол күні кешкісін уақытша тоқтатылып, келесі күндері қайта жалғасты. Құтқарушылар баланың денесін бүгін, 8 маусымда 7.50-де суға түскен жерінен 10 шақырымдай қашықтықтан тапты», - деді Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы Әлия Ережепова.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.