Дүкеннен 14 телефон ұрлаған күдікті ұсталды
Астанада дүкеннен 14 дана телефон ұрлаған күдікті құрықталды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Polisia.kz сайтының мәліметінше, күндізгі уақытта ер адам телефон сататын дүкенді көздеп кетіп, қылмыстық ойын түнде жүзеге асырмақшы болған.
Жалпы келтірілген шығын 10 млн теңгеге бағалануда. Ол ұрланған гаджеттерді Тараз қаласында ломбардқа өткізген, қалғанын елордада сатып алушыларға сатып жіберген.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, оның қала аумағында жасалған басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.