Қостанай облысында бөгет құрылысына бөлінген ақша ұрланды

257

Оқиға Қостанай облысының Жанкелдин ауданындағы Шилі ауылында болған, деп хабарлайды «Хабар 24».  


Қостанай облысында бөгет құрылысына бөлінген ақша ұрланды

 Қазір экономикалық тергеу департаменті қылмыстық іс қозғады. «Хабар 24» арнасы осыған дейін екі жыл бұрын ғана күрделі жөндеуден өткен тоғанды су шайып кеткендігін айтқан болатын. Гидротехникалық нысанды салуға респубюликалық бюджеттен 200 миллион теңгеге жуық ақша бөлінген. Алайда осындай қомақты қаржыға салынған тоған тез-ақ сыр берді. Ағынға қарсы тұра алмады. Әр жерінен жырылып, су жайылып, ағып кетті.     


Жүргізілген сараптама қорытындысына сәйкес алдын ала келтірілген шығын 33 миллионнан астам теңгені құрайды. Қылмыс ұйымдастырушыға қатысты сот үй қамақ түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады. Қазіргі кезде қажетті тергеу амалдары жүргізілуде, - деді экономикалық тергеу департаментінің жедел уәкілі Көркем Бектасова.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.