ЖЕКЕ СОТ ОРЫНДАУШЫЛАР ӘРЕКЕТІНЕ НЕГЕ ШАҒЫМ КӨП?
317
2021 жылдың 1 шілдесінен бастап Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс қолданысқа енгізілді, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Басты мақсаты – жарияқұқықтық қатынастар бойынша туындаған түрлі дауларды әділ шешу. Бұған дейін жария-құқықтық даулар азаматтық-процестік ережелер бойынша қаралып келді. Жасыратыны жоқ, мұндай даулар көбінесе мемлекеттік органдардың пайдасына шешілетін.
1 шілдеден бері біздің сотқа жаңа кодекс бойынша қаралатын 716 талап-арыз түсті. Оның 283-і әкімшілік әділетке сәйкес болмағандықтан кері қайтарылды. 95 іс бойынша татуласу шарты жасалды. Сотта шығарылған 196 шешім бойынша талап-арыз берушілердің әкімшілік органдарға қарсы талаптары қанағаттандырылған, яғни әкімшілік органдардың шешімдері мен әрекеттері заңсыз деп танылған. Жаңа Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекстің мәні бойынша егер азамат әкімшілік органдарға қарсы сотқа талап-арыз берсе, бұл әкімшілік орган кінәлі дегенді білдіреді. Ондай жағдайда әкімшілік орган сотта өз әрекеттерінің заңды екенін дәлелдеуі тиіс. Бұл ретте сотта жеке тұлғалардың тек заңды талаптары ғана қорғалатындығын атап айтқан жөн. Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс бойынша азаматтар сотқа 4 түрлі талап-арыз бере алады. Атап айтсақ, мәжбүрлеу туралы, дау айту туралы, құқықты тану туралы, әрекет жасау туралы. Бүгінгі күнге дейін сотқа түскен талап-арыздардың басым көпшілігін дау айту туралы талап-арыз құрады. Келесі кезекте мәжбүрлеуге, әрекет жасауға шағынушылар және құқықты тану туралы талап-арыздар бар. Дау айту туралы талап-арыздардың 415-і сот орындаушылар әрекетін, қаулысын заңсыз деп тануға қатысты болып отыр. Көбінесе сотқа шағынатын азаматтар сот орындаушыларының аумақтық палатасына емес, бірден сотқа жүгінетіндіктен, сот орындаушыларының әрекетіне қатысты даулар көбейіп барады. Әсіресе, азаматтар жеке сот орындаушылардың әрекеті заңсыз, әділетсіз деп жиі шағымданады. Атап айтсақ, еңбекақыны, алиментті өндіріп алу туралы материалдар бойынша арыз-шағым көп. Сот орындаушылар тарапынан борышкерді уақытылы жұмысқа орналастырмау, борышкердің мүліктік жағдайын, соның ішінде жұмысқа орналасқаны туралы арнайы базаны уақытылы тексермеу фактілері, атқару өндірісі бойынша мәжбүрлеу шараларын, қарызды өндіріп алу туралы қаулыларын уақытылы шығармау туралы шағым да баршылық. Сот орындаушысы заңда белгiленген тәртiппен орындауға қатысты мәселелер бойынша қаулылар шығаруға; әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтыруға; атқарушылық әрекеттер жасау кезiнде туындаған мәселелер бойынша қажеттi ақпаратты, түсiнiктемелер мен анықтамаларды алуға құқылы.
Борышкерлердiң банктердегi ақшалары мен бағалы қағаздарына осы заңда көзделген тәртiппен тыйым салуға; мүлiктің кiмге тиесiлi екенiн анықтағанға дейiн оған уақытша тыйым салуға құқылы. Сот орындаушысы өз қызметінде жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделеріне қысым жасалуына жол бермеуге міндетті. Әсіресе, үйден мәжбүрлеп шығару немесе құрылыстарды мәжбүрлеп бұзу туралы сот шешімдерін орындау кезінде түрлі оқиғалар, түсінбестіктер болып жатады. Мұндай жағдайларда сот орындаушылары процеске жедел медициналық жәрдем, ішкі істер, төтенше жағдай қызметкерлерін қатыстырады.
Сот орындаушылары жүргізетін істердің барлығы атқарушылық құжатты мәжбүрлеп орындату болып табылады. Бұл заңмен бекітілген. Сот орындаушысы ең алдымен борышкердің банктегі есепшоттарына тыйым салуды қолдануға міндетті. Іс жүргізу кезінде сот орындаушысы борышкердің барлық активтерін анықтайды. Екінші деңгейлі банктердегі есепшоттарға тыйым салу сот санкциясына сай жүргізіледі. Сотқа шағымданушылар кей жағдайда «сот орындаушысы есепшотымды алдын ала ескертусіз жауып тастады» деген шағым айтып жатады. Алайда, заңнамада сот орындаушысы борышкерді алдын ала ескертпей оған тиесілі есепшоттарына тыйым сала алатыны туралы ереже көзделген. Дегенмен, сот орындаушылар атқарушылық өндіріс бойынша тараптарға қозғалған атқарушылық іс жүргізу, қойылатын талаптар мен іске асырылған атқарушылық іс-әрекеттер туралы хабарлауға міндетті. Атқарушылық іс жүргізу қозғалғаннан кейін борышкердің өндіріп алушы алдындағы міндеттерін орындауда сот орындаушысы міндетті түрде хабардар ете отырып жүргізуге тиіс. Сонымен бірге, өндіріс тараптары электронды қолтаңба нұсқалары арқылы өздеріне қатысты қозғалған іс жүргізулер бойынша ақпараттарды www.adilet.gov.kz сайтына тіркеліп, «өндіріс тараптарының кабинеті» арқылы біле алады. Сонымен қатар, сот сот орындаушысының атқару өндірісі бойынша Атқарушылық іс жүргізу заңымен көзделген қағидаттар мен талаптары толық көлемде сақталуын қадағалайды. «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» заңның 37-бабы 4-бөлігінің талабына сәйкес, сот орындаушысы Қазақстан заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келетін атқарушылық құжат өзіне келіп түскеннен кейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей атқарушылық іс жүргізуді қозғайды, ол туралы қаулы шығарады.
Жеке сот орындаушысы атқарушылық іс жүргізу өндірісін қозғаған кезде өндіріп алушымен атқарушылық құжаттың орындалу шарттары туралы келісім (шарт) жасасады, өндіріп алушының осы заңда көзделген құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді. Мемлекеттің кірісіне өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттар және істердің әлеуметтік маңызы бар санаттары бойынша атқарушылық іс жүргізуді жеке сот орындаушысы келісім жасаспай қозғайды. Сот орындаушысы атқарушылық іс жүргізу өндірісін қозғаумен бір мезгілде осы заңда көзделген атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдайды, сондай-ақ, атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы тексеру жолымен борышкерге қатысты өзге де атқарушылық іс жүргізудің бар-жоғын анықтайды. Олар анықталған жағдайда өндіріп алушыға хабарлайды және осы заңға сәйкес оның талаптарын қанағаттандырудың кезектілік тәртібін түсіндіреді. Әкімшілік сот ісін жүргізудің міндеті жария-құқықтық қатынастарда жеке тұлғалардың бұзылған немесе дау айтылатын құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін тиімді түрде қорғау және қалпына келтіру. Осы мақсатқа жету үшін әкімшілік істерді әділ, бейтарап және уақытылы шешу маңызды. Сонымен бірге, ӘРПК-нің 7-бабында көзделген заңдылық қағидаты бойынша әкімшілік орган, лауазымды адам және сот әкімшілік істі қарау кезінде объективтілік пен бейтараптықты сақтай отырып, әкімшілік іске қатысушылардың әрқайсысына олардың әкімшілік істің мән-жайларын жан-жақты және толық зерттеуге құқықтарын іске асыруына тең мүмкіндік пен жағдай туғызуға міндетті. Егер заңда дау тараптарының келісімімен тиісті мәселелерді соттың шешетіні көзделсе, сот бұл мәселелерді әділдік пен ақылға қонымдылық өлшемшарттарын негізге алып шешуге міндетті. Мысалы, жеке тұлға М. 150 000 теңге борышкерге тиесілі емес екенін және оған қате аударылғаны салдарынан жеке сот орындаушысының аударылған 150 000 теңгені кері қайтармау әрекеттерін заңсыз деп тануды сұраған. Істің нақты мән-жайларынан белгілі болғанындай, жеке сот орындаушысының өндірісінде борышкер М.-ге қатысты атқарушылық өндіріс қозғалған. Өндіріп алушы – Сақтандыру компаниясы. Ал, талап қоюшы М.-ның есепшотынан 150 000 теңгенің жеке сот орындаушысының есепшотына аударылғаны көрінеді. Сотта есепшотқа тыйым салынған қаулыны прокурордың санкцияламағаны және тыйым салу сомасының мөлшері көрсетілмегені анықталып, талап қою қанағаттандырылған. «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» заңның 62-бабының 1-тармағында сот орындаушысы атқарушылық құжаттың орындалуын қамтамасыз ету мақсатында борышкердің мүлкіне, оның ішінде заңда көзделген жағдайларда прокурордың санкциясымен тыйым салуға міндетті. Бұл ретте сот орындаушысы атқарушылық құжаттың орындалуын қамтамасыз ету үшін өндіріліп алынатын сомаға мөлшерлес, борышкерге тиесілі бүкіл мүлікке бір мезгілде тыйым салуға құқылы екені көзделген. Заңның 63-бабының 1-тармағына сәйкес, мүлiкке тыйым салу кезiнде сот орындаушысы оның борышкерге тиесiлi екендiгiн және ондағы ауыртпалықты, тыйым салу сомасының мөлшерін анықтайды. Жаңа кодекс күшіне енгеннен кейін сотта тараптардың дауын шешу үшін татуласу рәсімдері белсенді қолданылып келеді. Соның нәтижесінде екі дауласушы тарап бір-біріне түсіністік танытуы арқылы татуласып, арадағы дауды бітімгершілік жолымен шешуде. Өйткені, жаңа кодекс бойынша енді мемлекеттік органдар да әкімшілік қалауы болса татуласу келісіміне келе алады.
Гүлназ САЛЫҚОВА,