3 жасар баланы дәретханаға құлатып жіберген жасөспірім мәжбүрлі емдеуге жіберілді

1 561

Фото: Otyrar.kzТүркістан облыстық соты Сіргелі ауылының 16 жастағы тұрғыны жасаған атышулы істі қарады. Сотталушы кәмелетке толмағандарды өлтірді және өлтіруге оқталды деп айыпталған, - деп "Opennews.kz" ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Бірінші оқиға 2024 жылдың 16 мамырында болған. Айыпталушы 3 жасар баланы дәретхана шұңқырына лақтырып жіберген. Салдарынан бала қайтыс болған. Екінші оқиға сол жылдың 13 шілдесінде болған. Ол дәл осындай жолмен 5 жасар қызды өлтірмек болған. Бала аман қалған.

Сот-психиатриялық сараптама нәтижесінде жасөспірімнің ауыр психикалық ауытқушылықпен ауырғаны және оның өз әрекетінен бейхабар екені анықталды. 



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.