ЖОБАЛАРДЫ ОРЫНДАУ СЫЛБЫРЛЫҚТЫ КӨТЕРМЕЙДІ
195

Жиында ведомоство басшылары тарапынан ауыз су желілері бойынша Қызылорда мен Павлодар облыстары оң нәтиже көрсеткен аймақтар қатарына енгенін атап өтті.
Үкімет отырысынан кейін облыс әкімі жауапты сала басшылары мен қала, аудан әкімдеріне бірқатар нақты тапсырмалар жүктеді.
Аймақ басшысы алдымен аймақтағы эпиджағдайды қатан бақылауға алып, вирустың жаппай таралуына жол бермеу бойынша шаралар қабылдауды тапсырды. Сонымен қатар «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасына қатысты жіберілген кемшіліктерге сын айтып, қала, аудандардағы жобалардың жұмыстарына жеке-жеке тоқталып, атқарылған істің мардымсыз екенін тілге тиек етті.
Ұлттық жоба аясында Қызылорда облысына биылғы жылға республикалық бюджеттен және Ұлттық қордан 22 млрд. теңге қаржы бөлінді. 2022 жылдың 1 тамызына жылдық жоспардың игерілуі небәрі 33,8%-ы ғана құрады.
Шағын қалаларды дамыту аясында 4 жобаны іске асыруға қаралған 348,5 млн. теңгенің небәрі 72 млн. теңгесі немесе жылдық жоспардың 20,8%-ы игерілген.

"«Нұрлы жол» және «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламаларына бөлінген қаржының игерілуі де төмен деңгейде.
Басқа өңірлермен салыстырғанда біз ең аз қаржыны алдық. 2022 жылы біздің аймағымызға бөлінген аз қаржыны игермеу не кеш игеру ол жұмысымызға үлкен сын. Құрылыс жұмыстарын жүргізу уақытына қолайлы 3 ай мерзім ғана қалды. Күн суытқаннан кейінгі жұмыстардың сапасы дұрыс болмайтындығы белгілі.Сондықтан, жауапты басқарма басшылары, қала, аудандар әкімдері жетекшілік ететін салаларыңыз бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарын 2-3 айдың ішінде аяқтау бойынша шараларды қабылдаңыздар. Тез игеремін деп жұмыстың сапасы төмендеп кетпесін. Бақылауда ұстаңыздар", - деді Нұрлыбек Нәлібаев.