Пәтер жалдаған тұрғын теледидарды ұрлап кеткен

1 520

Фото:© ЖИАқтөбеде полиция қызметкерлері тәулікке жалға алынған пәтерден ұрлық жасады деген күдікпен ер адамды ұстады,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агенттігі.

Алдын ала мәлімет бойынша, күдікті пәтерді бір тәулікке жалға алып, кетер кезінде қабырғаға ілінген теледидарды шешіп алып кеткен. Пәтер иесі мүлкінің жоғалғанын байқап, полицияға жүгінген. Келтірілген материалдық шығын көлемі 70 мың теңгені құраған.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтады. Ол көршілес облыстың тұрғыны болып шықты. Күдікті ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді. Тергеу барысында күдіктінің ұрланған теледидарды белгісіз адамдарға сатып жібергені анықталды. Қазіргі уақытта полицейлер ұрланған мүліктің орналасқан жерін анықтап, оны заңды иесіне қайтару бағытында қажетті шараларды жүргізіп жатыр, - деп хабарлады Ақтөбе облысының ПД баспасөз қызметі. 

Аталған факті бойынша ұрлық дерегімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған. Оқиғаның барлық мән-жайы анықтауда.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.