Жолдау: Өз жерімізде атом станциясын салуға әбден қақымыз бар
Президент Атом энергетикасын салыну-салынбау мәселесін жалпыұлттық референдум арқылы шешуге уәде берді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
“Атом электр станциясын салу қажет пе, жоқ па деген сауалға қатысты түрлі пікір бар екенін білесіздер. Қазақстан – әлемдегі ең ірі уран өндіруші мемлекет. Ендеше өз жерімізде атом станциясын салуға әбден қақымыз бар. Кейбір сарапшылар шағын ядролық станциялар салу керек деген пікір айтады. Алайда көптеген азамат пен бірқатар сарапшылар ядролық станцияның қауіпсіздігіне күмәнмен қарайды”, – деді ол.
Президент Семей полигоны халқымызға қаншама қасірет әкелгенін еске алып, халықтың күдігіне түсіністікпен қарау керегін айтты.
“Бұл мәселе бойынша қоғамдық тыңдауларды, егжей-тегжейлі, кең ауқымды талқылауларды жалғастыруымыз керек. Біз маңызды стратегиялық мәселелерге қатысты түпкі шешімді референдум арқылы қабылдауымыз қажет. Бұл – 2019 жылы сайлау алдында менің халыққа берген уәдем. Атом электр станциясын салу немесе салмау мәселесі – бұл еліміздің болашағына қатысты аса маңызды мәселе. Сондықтан оны жалпыұлттық референдум арқылы шешкен жөн деп санаймын. Нақты мерзімін кейін анықтаймыз", – деді Тоқаев.