Ақмолада кәріз құбырларын төсеу барысында жұмысшы қаза тапты

177
Ақмола облысында  кәріз құбырларын төсеу барысында жұмысшы мерт болды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

ІІМ дерегінше, 27 қазанда Целиноград аудандық полиция бөліміне кәсіпорындардың бірінің қызметкері қоңырау шалып, Ақмол ауылында кәріз құбырларын төсеу объектісінде экскаватор жүргізушісі әріптесін абайсызда экскаватор шөмішімен жарақаттап алғанын хабарлаған.

Соның салдарынан жәбірленуші оқиға орнында көз жұмды.

Осыған байланысты полиция бөлімі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексі 156-бабының 3-бөлігі «Еңбекті қорғау қағидаларын бұзу» бойынша соталды тергеуді бастады.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.